ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьде кинокөрсетілім өтті

0
482

Тәрбиелік мәні зор туындыларды тамашалады.


ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьде кинокөрсетілім өтті

Түркістан облысындағы жазғы лагерде кинокөрсетілім ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биылғы Балалар жылына орай Түркістан облысындағы «Балауса» жазғы лагерінде кинокөрсетілім өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен көрсетілімде демалушы көрермен «САҚ» киностудиясының «Қошқар мен текенің» жалғасы «Теке мен серке» анимациялық фильмінің 3 бөлімі мен тәрбиелік мәні зор «Мейірім шуағы» қысқаметражды фильмін тамашалады.


Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагерінде бір ауысымда 150 бала демала алады.


«Қазіргі таңда көрсетілімдер өскелең ұрпақ үшін нағыз тәрбие құралы деуге болады. Біз мекеме жоспарына сәйкес, кинокөрсетілімдер ұйымдастырып келеміз», - деді «Оңтүстікфильм» мекемесінің басшысы Райхан Дәрменқыз.


Еске сала кетейік, оңтүстік өңірде түсірілген көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатындағы мұндай көрсетілімдер облыс орталығындағы мектептер мен балабақшаларда, сондай-ақ аудан-қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді.


«Кішкентай көрерменге көтеріңкі күймен қатар, қандай да бір жағымды ой қалыптастыра алсақ, мақсаттың орындалғаны», - дейді ұйымдастырушылар.