ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерлерде «Таза Қазақстан» акциясының тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі

0
522

Киелі және тарихи орындарда тазалық акциялары ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерлерде «Таза Қазақстан» акциясының тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі

Түркістан өңіріндегі жазғы демалыс лагерлерінде оқушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өңіріндегі жазғы демалыс лагерлерінде оқушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі.


Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар да тазалық акциясына өз үлестерін қосуда. Облыс бойынша қызмет ететін 24 681 медициналық қызметкердің 12 766-сы сенбілік және тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бүгінгі таңға дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында медициналық нысандардың аумағында 10 957 түп ағаш отырғызылып, 61 842 түп ағаш әктелді. 391 медициналық нысанның қасбеттері, 200 шақырым шарбақтарды ақтау-сырлау жұмыстары жүргізілді.


«Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 мыңға жуық мәдениет қызметкері мен 70 техника тартылды. 12 мыңға жуық ағаш, 10 мың гүл отығызылып, 6 мыңға жуық ағаштың түптері ақталды. 200 тонна қоқыс шығарылды. Киелі және тарихи орындарда тазалық акциялары ұйымдастырылған.


Облыс тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру, адамдарды мүлікке ұқыпты қарауға үйрету, қоғамдық орындардағы дөрекілік пен қоғамға жат теріс мінез-құлыққа тосқауыл қою мақсатында идеологиялық жұмыстар жүруде. Сәуір айында 2891 адамға хаттама толтырылып, 40,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, 19,6 млн теңге өндірілген.


Облыс көлемінде «Жастар ресурстық орталықтарының» тарапынан 127 волонтер ұйымдары жұмыс істесе, экологиялық акциясына 80 мыңға жуық ерікті қатысты. 92 636 мыңға тарта ағаш көшеті және

10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1107 тонна қоқыс шығарылды.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мән мағынасын өскелең ұрпаққа насихаттауда ауыл, көше, төбе билері мен ақсақалдар алқасы, ардагерлер ұйымдарының мүшелері үлкен рөл атқаруда.


Халықты ақпараттандыру жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында тұр. Арнайы eGov mobile платформасында жүргізілген сауалнама қорытындысымен өңірде халықтың 53,6% акция туралы хабардар болған.