ТҮРКІСТАН: Жазғы спорт ойындарына мыңға жуық тұрғын қатысқан

0
351

Маусым айының соңына дейін өтеді деп жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Жазғы спорт ойындарына мыңға жуық тұрғын қатысқан

Түркістан қаласында Жазғы спорт ойындары ойындары басталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында Жазғы спорт ойындары ойындары басталған болатын. Дәстүрлі өтетін спорт маусымы 27-мамырда басталып, маусым айының соңына дейін өтеді деп жоспарланған.


Шара басталғалы 1000-ға тарта қала тұрғыны белсенділік танытып, жазғы спорт түрлерінен жарысқа түсті. Жарыстың ең жас қатысушысы 6 жаста болса, ең үлкені 58 жастағы тұрғын қызықты ойын көрсетті.


Ашық алаң ойындарының кезекті жарыс күнінде 150-ге тарта түркістандық бақ сынады.


Онда қатысушылар белтемірге тартылу, ләңгі тебу, қол күрес сондай-ақ, стритболдан жарысқа түсті.


Айта кетейік, ашық алаң ойындары ертең «Яссы» секторының Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейінің ашық алаңында жалғасады. Онда қатысушылар футбол мен ләңгі тебуден жарысады.