ТҮРКІСТАН: Желілік саябақтың үшінші кезеңі көктемде аяқталады

0
2 931

Мұнда қазірде 5000-ға жуық ағаш егілді.


ТҮРКІСТАН: Желілік саябақтың үшінші кезеңі көктемде аяқталады

Түркістанның әкімі қаладағы құрылыстарды аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Рашид Абатұлы қалада құрылысы жүріп жатқан саябақтарды аралады. Аралау барысында "Тұңғыш Президент саябағы" мен "Жібек жолы" саябағындағы және Б. Саттарханов даңғылы бойындағы Желілік саябақтың үшінші кезеңі жобасы жұмыстарымен танысты.

Жалпы ауданы 38 гектарды құрайтын "Тұңғыш Президент саябағында" көгалдандыру, ағаш отырғызу, жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары жалғасуда.

Мұнда қазірде 5000-ға жуық ағаш егілді. Одан өзге кіші сәулеттік формалар, инженерлік желілер жүргізілуде. Ал, кіреберіс арканың металл конструкциялары, мәрмәрмен қаптау жұмыстары толық аяқталды.

Ал, Желілік саябақтың үшінші кезеңі наурыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Рашид Абатұлы мұнда алдымен су ұңғымасы мен резервуар салып, бастауды тапсырды.

Сонымен қатар, 7 қабатты 7 үйде көгілдір отын қосу жұмыстарын бақылады. Осы апта ішінде жылу жүйесі толық қосылған жағдайда үйлердің кілті "Отбасы банкі" арқылы несиеге алған адамдарға табысталады.