Заңбұзушылық анықталса, бірден құзырлы органдарға хабар беріледі.
Келес ауданында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаевтың төрағалығымен жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы жиын өтті.
Жиында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы және жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Әшірбаев баяндама жасады.
Бөлім басшысының баяндамасын тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Абай Данабекұлы жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқан фактілер анықталса бойынша шұғыл түрде құзырлы органдарға хабарлауын және рейдттік шараларды ұйымдастырып, күнделікті аудан әкімі аппаратына мәлімет ұсыну керектігін айтты.