ТҮРКІСТАН: Жерді тиімді, суды үнемді пайдалану басты мақсатқа айналды

0
869

Ветеринария қызметіне қатысты мәселелер де күн тәртібінде.


ТҮРКІСТАН: Жерді тиімді, суды үнемді пайдалану басты мақсатқа айналды

Түркістан облысында 612,7 шақырым жол мен 1 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың жетекшілігімен Арыс қаласына қарасты ауылдық округтердегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді, ал егіс алқабында суды үнемді пайдаланудың жай-күйі талқыланды.


Қала әкімінің орынбасары мен дербес бөлім мамандары және ауылдық округтердің әкімдері қатысқан жиын облыс әкімі нақтылап берген бағыттар бойынша жұмыс жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отырғаны айтылды.


«Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің хаттамалық тапсырмасына орай, биыл біз егіс алқабында суды үнемді пайдалану бағытындағы жобаларды жаппай қолға алуымыз керек. Арық-атыздар мен каналдарды, су жүйелерін механикалық тазалаумен ғана шектелмей, егістікті тамшылатып немесе жаңбырлатып суарудың әр жылға арналған нақты жоспарын бекіткеніміз жөн. Шаруаларға осы жағын кеңірек насихаттап, түсіндіруіміз керек», – деді Гүлжан Мамытқызы.


Сонымен қатар, отырыста маусым айына дейін қанша гектар жерде суды үнемді пайдалану технологиясы қолданылатынын нақтылау жұмысы ауыл шаруашылығы бөліміне тапсырылды. Одан бөлек, жиын аясында малды сырғалау және ветеринария қызметіне қатысты мәселелер де күн тәртібіне шығарылды.