ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Атадан –өсиет, анадан - қасиет» ардагерлері кеңесінің семинары өтті

0
2 513

Жетісай ауданында өткен «Атадан –өсиет, анадан - қасиет» атты аудандық ардагерлер кеңесінің семинардың мақсаты – қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы сөз қозғап, ата-анаға ой салу болатын.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Атадан –өсиет, анадан - қасиет» ардагерлері кеңесінің семинары өтті

Бүгін Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауыл округі Атақоныс ауылында «Атадан –өсиет, анадан - қасиет» атты аудандық ардагерлер кеңесінің семинары өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шараға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева және барлық ауыл округтерінің ардагер кеңесінің мүшелері мен ауыл жастары қатысты.

Семинардың мақсаты – қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы сөз қозғап, ата-анаға ой салу болатын.
Шара шымылдығы Жаңа ауыл ауыл округіндегі мектеп оқушыларының шығармашылық концертімен түрілді. Жас өнерпаздар қазақша би билеп, тәжікше ән айтып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Іргетасы 1957 жылы қаланған округте бүгінде 17 мыңға жуық халық тату-тәтті ғұмыр кешуде. Округте орыс, кәріс, өзбек, тәжік өкілдері қазақтармен бір туған бауырдай, татулас қауымдай ауыз біршілікте өмір сүріп жатыр. Барлығының арман тілегі – елдің ынтымақ мен бірлігі, тыныштығы. Осы тұрғыда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев жиналғандарды қашанда ауыз біршілікте болуға үндеді. Мұнан соң мінберге аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов шығып, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі төңірегінде тереңнен сөз қозғады. Жиынды қорытқан аудан басшысы өз атынан аталған округтегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.

Дереккөз: Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков