​ТҮРКІСТАН: Жетісайда қайта өңдеу ісі дамып келеді

0
2 287

«Медет Сүт» ЖШС​-і сүт өнімдерінің түрін 25-ке жеткізуге ниетті.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда қайта өңдеу ісі дамып келеді

Жетісайлық «Медет Сүт» ЖШСбүгінде сүт өнімдерінің 15 түрін өндіретін кәсіпорын алдағы уақытта өнімділікті арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылса, оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Жалпы құны 2 млрд.теңгені құрайтын аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебіненжүзеге асырылмақ.

Аталған жобалардың ішінде өндірістік қуаты тәулігіне 50 тоннаға дейінгі сүт өңдеу нысанын құру бойынша «Ақ алтын Береке» мен «Медет Сүт» сынды 2 жоба енгізілген.

Жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Медет Сүт» ЖШС бүгінде өз қаржысымен ашылғанымен, алдағы уақытта өндірістік қуаттылығын арттыру үшін қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталмыш кәсіпорын қаржы ұйымдарына құжаттар тапсырған. Қаралу үстінде.

Қайта өңдеуге қажетті сүтпен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы сүт фермасын екінші кезеңмен 2020 жылы құрылысын жүргізіп, іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорын басшылығы сүт өнімдерінің түрін 25-ке жеткізуге ниетті.

Аудан тұтынушыларын жетісайлық өніммен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында қазіргі таңда аталған сүт өнімдерінің 15 түрі өндірілуде.