ТҮРКІСТАН: Жетісайда қыздарына қорлық көрсеткен өгей ана қамалды (видео)

0
13 785

Жетісайда апалы-сіңлілі үш қыз өгей анасынан қорлық көрген деген күдікпен олардың ата-анасының үстінен қылмыстық іс ашылды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда қыздарына қорлық көрсеткен өгей ана қамалды (видео)

ллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Жетісай ауданында қыздарының денесіне түрлі жарақат салып, қорлық көрсетті деген күдікпен өгей анасы қамалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде заңгер, әлеуметтік желі белсендісі Айгүл Орынбек өзінің "фэйсбук" парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып хабарлады.


Кеше кешкісін журналист, әлеуметтік желі белсендісі Әсет Әссанди өзінің "фэйсбук" әлеуметтік желісіндегі парақшасында "ТӨБЕ ШАШТЫ ТІК ТҰРҒЫЗАР ЖАУЫЗДЫҚ" деген тақырыпта сериялы постар жариялаған болатын.

"Апалы-сіңлілі: 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. гей аналары, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып "күліп тұр" деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Айдың-күннің аманында осындай жағдайды "жабулы қазан жабулы" етіп қалдыруға ұмтылған Жетісай Ауданы басшыларының, құзырлы мекемелерінің не бала-шағалары, не жүректері жоқ деп қаласың осындайда! Бес күннен бері ауруханада жатқан қыздардың жағдайын жергілікті жердің атқамінерлері тіпті сұрамаған да! Ал, көмек беру туралы мүлдем әңгіме жоқ! Иә, бір адамның жауыздығына мың адам жауапсыздығымен жауап беріп жүргеніне еріксіз қайран қаласың! Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан Облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік! Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық"- деп жазады Әсет Әссанди.

Айгүл Орынбектің айтуынша, қазір бұл мәселе бойынша ауданда құзырлы органдар мен психологтардан құралған мобилді топ құрылыпты. Ал, қыздардың дене жарақаты бейнеленген суреттерді жеңгесі түсіріп ғаламторға шығарған. Ол осылайша істің басқа арнаға ауып кетпеуін қалаған екен.