ТҮРКІСТАН: Жетісайда павлонияның арнайы тұқымбағы ашылды

0
1 397

Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келген. Жалпы павлония ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда павлонияның арнайы тұқымбағы ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында алдағы жылы 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда 1 гектар аумаққа қажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы шелектерге отырғызылып, арнайы күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келген. Бұдан бөлек, ауданда 1 гектар аумаққа яғни, көшетбақта павлония ағашын дән арқылы өсіру ісі қолға алынып отыр.

Айта кетейік, биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республкалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам тал-дарақ отырғызылған болатын. Соның 1 мыңға жуығын павлония көшеттері құрап отыр.

Жалпы павлония ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі. Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі екен. Күншығыс елінде бүгінде бұл дарақтың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метерге жуықтайды. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады. Тұқымы, атпа тамырлары және бұталарын қалемшелеу арқылы көбейеді.