ТҮРКІСТАН: Жетісайда жемқорлыққа қарсы жиын өткізілді

0
1 737

Жиын «Nur Otan» партиясы Жетісай филиалының ұйымдастыруымен өтті.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жемқорлыққа қарсы жиын өткізілді

Жетісай аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықты тоқтату біздің міндет» атты жиын болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға Жетісай ауданы«Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай, Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Асауов Әділхан, Жетісай ауданы прокуроының орынбасары Ералиев Мақсат, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбжанов Әділхан, Жетісай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жайлыбаев Сәкен, Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Мырзалиев Тұрсынбай, ауыл әкімдері, ауданық мәслихаттың депуттары және әлеуметтік сала қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға қатысқан құзырлы мемлкеттік органдар өздерінің сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқандарын айтып өтті.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тек жиындармен шектелмей нақты іс-әрекетке көшетін кез келді. Қазіргі таңда ел ішінде білім, денсаулық, ішкі істер салалары бойынша алыпқашпа әңгімелер өте көп. Солардың ең өзектісі қызметке тұруда пара алу бойынша жиі естіп жатамыз. Қызметке тұруды тек конкурс арқылы ұйымдастыру керекпіз. Конкрустық комиссияның мүшелеріне де конурсқа 2-3 сағат қалғанда айтып отырған дұрыс деп ойлаймын. Сол кезде конкурстық комиссияның мүшелерінің арасынан таныс іздеу болмайды. Елбасымыздан бастап айтып келе жатқан жемқорлықсыз мемлекетті қалыптастыруда біргелесіп күні-түні жұмыс жасауға шақырамын», - деді Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай.

Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Асауов Әділхан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді ең алдымен өзімізден бастап, елдің ішінде, отбасымызда, жиындарда, сыбайлас жемқорлықтың жаман індет екенін үнемі насихаттап халықтың ой-санасын өзгерту керектігін жеткізді.

Сондай-ақ, Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Мырзалиев Тұрсынбай қазіргі таңда білім саласы бойынша 67 бос жұмыс орындары ww.jumis.snation.kz сайтына жарияланған. Оның ішінде 23 адам тестке қатысып, оның ішінде 8 адам тесттен шекті балл жинап өткен. Қазіргі таңда аталған азаматтар конурстан өтуі бойынша құжаттарын жинауда. Тағы бір айта кететін нәрсе, бұл жерде тестке қатысушының нәтижесін тек министірлік жария етіп, оған жергілікті органдар араласамайтынын атап өтті.

Жетісай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жайлыбаев Сәкен " Жолда қабылдау" акциясы мен қатар аудандық полиция бөлімінің жанынан Халықтық кеңсе құрылып жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда 276 азаматтарды қабылдап, оларға құқықтық көмектер көрсетілгенін айтса, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Ералиев Мақсат сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуы соңғы уақытта біршама азайып келе жатқанын, оның алдын-алу бойынша жұмыс жүргізуді үнемі басты назарда ұстау керек екенін тілге тиек етті.