ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы оңалту орталықтарында оңды істер бар

0
680

Психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиешілер қызмет көрсетеді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы оңалту орталықтарында оңды істер бар

Түркістан облысында мақта дақылын егу көлемі азаюы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты оңалту орталықтарында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.


Нақтырақ айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер негізінде Жылы су ауылдық округінен Жетісай қаласындағы «Балдәурен» орталығының қосымша шағын орталығы, Абай ауылдық округінен Асықата кентіндегі «Үміт ұясының» қосымша шағын орталығы ашылған. Аталмыш орталықтарда ем қабылдаушы бүлдіршіндерді тасымалдауға 6 инватакси мен 7 әлеуметтік такси көліктері жұмылдырылған.


Барлық орталықта балалардың жасына қарай ыңғайластырылып жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық заманауи кабинеттер жұмыс істейді.


Қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиешілер қызмет көрсетеді.


«Тумысынан мүмкіндігі шектеліп, өзін өзгелерден төмен санайтын бүлдіршіндеріміздің қоғамда бар екені жасырын емес. Олар да өзгелердей өз қалауынша жүріп-тұрғысы келеді. Өзгелерден мейірім мен қолдау, көмек күтеді. Біздің орталықта көмекке мұқтаж бүлдіршіндерімізге білікті мамандар, дәрігерлер сапалы қызмет көрсетеді. Өйткені, біз қандай жағдай болса да бүлдіршіндерімізді мейірім мен махаббаттан қақпауымыз, олардың болашағының жарқын болуы үшін бар мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек», – дейді Асықата кентіндегі «Үміт ұясы» күндіз болу орталығының директоры Гүлнара Ақылбаева.


Мүгедектігі бар балалар және психологиялық мүгедектігі бар балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Оларға жақындарының көмегі, тұрақты байланысы қажет. Сол себептен балалардың ата-анасы, туыстары аталмыш мекемелердің психолог мамандарымен тығыз байланыста болып, баланың қалыпты дамуына ықпал етуде.


Басты мақсаты – мүгедектігі бар балалардың қабілеттерінің дамуына әсер ету, шығармашылық және қарым-қатынастық қасиеттерін дамыту, балаларды әлеуметтік ортаға және өзара құрбы-құрдастарының арасына бейімделуіне ықпал ету, мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуі, өз бетімен өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына оралту. Орталықтарда осындай игі істер атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткізілуде.