Мақталық көлемі 44 мың гектардан асқан.
Жетісай ауданында 100-ден астам жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыру үшін аудан шаруаларына қаржы ұйымдары арқылы 3,6 млрд. теңге несие беріліп, жаңадан 140 дана ауыл шаруашылығы техникалары шаруалар есебінен алынған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда 78,5 мың га жерге орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдары 44 мың гектардан астамы мақта, 21 мың гектары бақша, 10,1 мың гектары мал азықтық өнімдер болса, 3 мың гектары көкөніс дақылдары.
Бүгінде шаруалардың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде 44 042 гектар алқаптан 114 мың тонна мақта терілді. Мақталықтың 85%-ы, яғни, 37 691 гектары машиналық әдіспен болса, 6 351 гектары қол терімі. Биылғы мақта бағасының 320-330 теңгеге дейін жетуі дихандардың төккен терінің жемісі болды. Одан бөлек, 651,5 мың тонна бақша, 30,7 мың тонна дәнді дақылдар, 85,6 мың тонна көкөніс пен картоп жиналды.
Айта кетейік, биылғы жылы ауданда 5 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы көлемі 23,2 гектарды құрады. Бұл жылыжайларда ерте егілетін көкөністердің көшеттерінен бастап қызанақ, қияр, болгар бұрышы дақылдарынан жалпы 3500 тонна өнім өндірілді. Ал, 400 гектарға жуық тамшылатып суару жүйесінің қарқынды бау көлемі 255 гектар.