​ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар зәйтүн отырғызуды қолға алды

0
1 934

Зәйтүн көшеттері Өзбекстанның Қоқан ауданынан алып келінген.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар зәйтүн отырғызуды қолға алды

Қазақстан бойынша зәйтүннен алғашқы өнімді жетісайлық шаруалар алатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған зәйтүн шаруашылығы бүгінде жетісайлықтар арасында кеңінен насихатталуда. Өйткені, Алматы қаласы Ұлттық Аграрлық университеті ғалымдарының айтуынша үш жылда өнім бере бастайтын зәйтүн ағашының табысы да көл-көсір көрінеді. Гектарынан 58 - 62 млн теңгеге дейін табыс табуға болады дейді мамандар.
Ең алғаш 2017-жылы Өзбекстанның Қоқан ауданынан алып келінген зәйтүн көшеттері бүгінде Жетісай топырағына бейімдендірілген. Суыққа төзімділігі -10С°-тен -18С°-ке жеткізілген. Топырақтың құрамына қарай бір гектар алқапқа 190 - 300 түп зәйтүн көшеті отырғызылады. Өзбек елінен әр данасы 2600 теңгеден келтірілген жаңа шаруашылықтың өнім көлемі де жылма-жыл артып отырады.
3 жылда өнім беріп бастайтын көшеттен алғашқы жылдары 2 келі көлемінде болса, 4 жылы 40 келі, 5-6 жылдары 80 келіге дейін таза өнім береді.
«Зәйтүн Қазақстан бойынша алғаш осы Жетісай ауданында қолға алынып отыр. Себебі, бұл өңірдің табиғаты зәйтүн шаруашылығына өте қолайлы. Жазы ыстық, қысы қысқа. Алдағы уақытта біздің Алматы Ұлттық Аграрлық Университетінің ғалымдары аудан шаруаларымен біргелікте зәйтүнді күтіп-баптау ісінде әріптестік орнатамыз. Мұнан да басқа өнімді өткізу мәселесі бойынша да шағын өңдеу цехын салуды жоспарлап отырмыз»,-деді профессор-ғалым Серік Кененбаев.