ТҮРКІСТАН: Жол картасы жүзеге асырылып жатыр

0
1 921

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір».


ТҮРКІСТАН: Жол картасы жүзеге асырылып жатыр

Түркістан облысында бастауыш партияның жоспары жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша Түркістан облысында Жол картасы бекітілгені белгілі. Бүгінде сол Жол картасы аясында Сарыағаш ауданында бірнеше жоба жүзеге асты.

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Полатов пен «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев Дербісек ауылдық округінде болды. Олар «Nur Otan» партиясының аудан бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында іске қосылған «Санжар» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, 1000 бас мал бордақылау алаңының іске қосылу іс-шарасына қатысты.

Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі – 2,5 га. Бүгінде мұнда 300-ден аса ірі қара мал бордақылануда. Алдағы уақытта оның саны артады деген жоспар бар. Мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге Сарыағаш ауданында Жол картасы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында «Дилшад» шаруа қожалығының фермерлік жылыжай кешені іске қосылды. Жылыжайда алдағы уақытта қияр, қызанақ өсіріліп, жылына 85 тонна шамасында өнім алу жоспарланған. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімінің орынбасары мен «Nur Otan» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Агротур» шаруа қожалығында болып, жағдайымен танысып қайтты.

«Агротур» шаруа қожалығы 2018 жылы Жібек жолы ауылдық округінде құрылған. Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі – 12,85 га. Қазіргі таңда қосымша 2 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені шаруа қожалықтың өз қаражаты есебінен салынуда. Құрылысы биыл қазан айында аяқталып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деген сенім бар. Мұнда қияр, қызанақ өсіріліп, жылына 600 тонна өнім алынбақ.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында «2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 1,3 есе, АӨК-гі еңбек өнімділігі – 2,5 есе, экспорт – 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз» делінген. Еліміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған Түркістан облысында бұл бағытта нақты істер атқарылып жатыр.