ТҮРКІСТАН: Жолға таласқан жүргізушілер құрықталды

0
1 198

ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алынған.


ТҮРКІСТАН:  Жолға таласқан жүргізушілер құрықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жолға таласқан көлік жүргізушілер құрықталды. Жолды бөлісе алмағанның бірі екіншісінің көлігін тонап кеткен деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз азаматтар көлігінен құрал-жабдықтарын жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқандығы жайлы айтып, арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ұсталған азамат пен жәбірленуші көліктерімен келе жатып жолға таласып қалған. Күдікті көлігімен жәбірленушінінің көлігін еріксіз тоқтатып, қоқан-лоққы көрсеткен. Жолды бөлісе алмай жанжалға басқандардан үрейленген жәбірленуші көлігін тастап қаша жөнелген. Ал, бұл жағдайды өз пайдасына асырған күдікті тұлға қараусыз қалған көлікті емін-еркін тонаған.

Нәтижесінде күдікті жәбірленуші тарапқа 300 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алынған. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, қылмыскерді құрықтауға қажетті деген іс-шаралардың барлығын дерлік атқарады. Нәтижесінде 3-4 сағаттың ішінде күдікті тұрғылықты мекен-жайында құрықталды. Полицейлердің анықтағанындай, ұсталған жігіт көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Оның үйін тінту барысында айғақты зат ретінде жәбірленуші көлігінің магнитафоны, рациясы, автокөлік басқаруға берілген құжаттары табылды. Тәркіленген заттар заңды иесіне қайтарылған.

Қазіргі таңда аталған іспен Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің тергеушілері айналысып жатыр.