ТҮРКІСТАН: Жөргек шығаратын зауыт ТМД нарығына өнім экспорттайды

0
854

Жылына 500-600 миллион дана жаялық шығаруға қауқары жетеді.


ТҮРКІСТАН: Жөргек шығаратын зауыт ТМД нарығына өнім экспорттайды

Түркістан облысындағы жөргек шығаратын зауыт ТМД нарығына өнім экспорттамақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстандағы жөргек шығаратын алғашқы отандық кәсіпорындардың бірі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан.


Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы мен «Түркістан Инвест» компаниясының сүйемелдеуіндегі бұл инвестициялық жобаның жұмысы қарқынды жүріп жатыр.


Бүгінде «Capable group» компаниясының өніміне сұраныс жоғары. Құны 2 млрд. теңгелік инвестициялық жобаның 70%-ы — қазақ инвесторына, ал, 30%-ы «AROYAL ROYAL Hijyen A S» түрік компаниясына тиесілі. Кәсіпорын минутына 600-ге дейін жаялық шығаруға қабілетті. Толық қуатымен жұмыс істегеннен кейін жылына 500-600 миллион дана жаялық шығаруға қауқары жетеді.


Инвестор өз өнімдерін Еуразиялық одақ және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді.


Сайрамда шығарылатын марка атаулары: «Saby Bala» «Bope Live» «Nomad Baby» «Baby Still «Royal» «pro Active baby» және «still Medical».