ТҮРКІСТАН: Ж.Түймебаев ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесті

0
1 310

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесіп, рухани астанамыздың "Тарихи аймақ", "Рухани-мәдени орталық", "Әкімшілік-іскерлік орталықтардың" құрылысы барысы жайлы баяндап берді.


ТҮРКІСТАН: Ж.Түймебаев ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іссапармен келген мәжілісмендердің қатарында Қуаныш Сұлтанов, Жамбыл Ахметбеков, Құдайберген Ержан және Кеңес Абсатиров бар. Кездесу барысында Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Өңір басшысы аймақта атқарылып жатқан шаруаларды таныстыра келе, қолға алынған құрылыс жұмыстарына тоқталды.

«Түркістан қаласының келешектегі бас жоспарына сәйкес, қала құрылысы мен сәулеті үш бағытта жүргізіледі. "Тарихи аймақ" – 88,7 гектар, "Рухани-мәдени орталық" аймағы – 98 гектар, "Әкімшілік-іскерлік орталық" аймағы – 700 гектарды құрайды. Осыған орай, құрылыс нысандарына қажетті жерлерді қайтару жұмыстары заң негізінде жүргізілуде. Әкімшілік іскерлік орталықта бірнеше нысанның құрылысы қатар жүреді. Яғни онда облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс-орталық тұрғызылады», -деді Жансейіт Қансейітұлы.

Түркістан бүкіл түркі әлемінің жүрегіне жақын екендігін айтқан халық қалаулылары, Елбасы тапсырмасы бойынша киелі шаһардағы қарқынды құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі. Астанадан арнайы іссапармен келген мәжіліс депутаттары, өңірдегі сайлаушыларымен де кездесіп, көпшіліктің көкейдегі пікірлерін тыңдамақ.