ТҮРКІСТАН: Жылқы ұрлаған 2 жас жігіт ұсталды

0
1 157

Шымкенттік қылмыскерлер жол бойындағы малдарды көлікке салып әкеткен.


ТҮРКІСТАН: Жылқы ұрлаған 2 жас жігіт ұсталды

Түркістандық Полицейлер жол бойынан жылқы жымқырған жас жігіттерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті бірнеше тұрғын арыз түсірген. Олар арызында жайылымда арқандаулы тұрған жылқыларын күндізгі уақытта белгісіз біреулер жасырын ұрлап кеткендігін көрсетеді. Сонымен қатар, жәбірленушінің біреуі құлынының ұрланғанын полицейлерге хабарлаған.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Орын алған ұрлық деректерін ашу мақсатында аудандық полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізеді және жәбірленушінің бірі көріп қалған көліктің иесін камера арқылы анықтайды.

Қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде, 3 күн ішінде нақты дереккөздер табылып, осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғындары 2 жас жігіт ұсталды. Айғақты зат ретінде күдіктілерден жоғалған малдар тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Қазір күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, күдіктілерді ұстау барысында екі жас жігіт аталған ауылға кәуап пісіруге арналған көмір сату үшін келіп-кетіп жүргендігі белгілі болды. Оған қоса, тауарын сатқан күдіктілер ауылдан шығып бара жатқан жол бойында қараусыз жайылып жүрген малдарды автокөліктеріне салып әкетіп отырған. Сондай-ақ, күдіктілердің осындай 4 мал ұрлығына қатыстылығы анықталды.