ТҮРКІСТАН: Жылына 500 тонна балық өндіретін коопертив салынып жатыр

0
1 600

Ауыл тұрғындарынан 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Жылына 500 тонна балық өндіретін коопертив салынып жатыр

Келес ауданында жылына 500 тонна балық өндіретін коопертив салынуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев елімізде балық шарушылығын дамыту бойынша қолда бар мүмкіндіктерді дамытуға тапсырмалар жүктеген болатын. Президент тапсырмасы аясында Түркістан облысы Келес ауданында соңғы технологияларды қолдана отырып, балық шаруашылығын дамыту шаралары қолға алынды. Бүгінде Келес ауданында балық шарушылығымен айналысатын 4 шаруашық жұмыс жүргізуде. Соның бірі Қошқарата ауылдық округінде орналасқан“Жақсылық жасау” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.

2018 жылдан жұмысын бастаған кооперативтің негізі – балық шарушылығы.Басшысы Сманов Нұрлан 2017 жылы өзі қызыққан кәсіппен айналысу үшін, елордамыздан өзі туып өскен өлкесіне келіп кәсібін бастапты. Кәсіп түбі – береке демекші, 250 миллион теңгеге жобаланған жоба құнының 125 миллион теңгесін үкімет субсидия ретінде кәсіпкерге қайтарған.

Кәсіпкердің айтуынша бұл орында жергілікті ауыл тұрғындарынан 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты бүгінде 6 адам жұмыс жасапжатқанын жеткізді. Олар балықты қашырту, ұрығы мен уылдырығын және личинкаларын алу технологияларын жетік меңгерген. Қошақарата ауылдық округінің Ұшқын елді мекеніндегі 250 гектар аумақтағы балық өсіретін аймаққа су Ащщы каналынан келеді.

Бұл балық өсіру шарбағында 15 мыңға жуық балық бар. Қазіргі көрсеткіш жоспардағыдан әлде қайда төмен. Себебі мұнда әлі құрылыс жұмыстары толықтай бітпеген. Егер жұмыстар толықтай бітсе, бұл шаруашылық мемлекет деңгейіндегі үлкен импорттық және экспорттық тауар шығаратын кәсіптік нысан болып, ішкі экономиканың дамуына үлкен көмегін тигізеді.