ТҮРКІСТАН: Жылыжай иелері көмір мен газ шығындары үшін субсидия алады

0
1 405

Еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысының аумағында орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Жылыжай иелері көмір мен газ шығындары үшін субсидия алады

Түркістан облысындағы жылыжай иелері көмір мен газ шығындары үшін субсидия алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы міндетін атқарушы Әлібек Плалов айтты.


«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысының аумағында орналасқан. Өңірде 1 517 га аумақта 3 366 жылыжай бар. Қуат көздері тарифінің көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары болуы, жергілікті жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткен. Осы мәселелерді шешу мақсатында өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда пайдаланылған көмір мен газ шығындарын субсидиялау жоспарлануда. Ол үшін жылыжай иесі сертификат алуы керек»,- деді Әлібек Әбдіхалықұлы.


Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков 2023 жылдың 1 мамырынан бастап Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты бекітілгенін айтты. Сонымен қатар, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ аймақтық филиал директоры Мәлік Асхатұлы облыста жылыжайларды стандарттау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғандығын жеткізді.


«Фермерлерге түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда жылыжай шаруашылықтары тарапынан 89 өтінім тапсырылып, 15 фермерлік жылыжай сертификатталды. Сертификатқа өтінім қабылдау үшін Шымкент, Сарыағаш қалаларында орталық жұмыс істеп тұр. Сертификат алған жылыжай иесі субсидияға ие болады. Ал сертификаттау бойынша 8 775 318 67 57, 8 7252 982-196 нөмірлеріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады. Ал субсиядиялау бойынша «gosagro.kz» сайты жұмыс істейді», -деді ол.