379 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістанда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласын абаттандыру және жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» КММ-сі тарапынан ақпан және сәуір айлары мен қазан-қараша айларында көшелер, саябақтар мен гүлбақтарда 314 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде 28 мың дана түрлі көпжылдық және бір жылдық гүл көшеттері егілді. 379 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілді.
Қала күн сайын қоқыстан тазартылып, гүлзарлар, саябақтар жайнай түскен. Шаhар аумағындағы 17925 дана ағашты санитарлық және авариялық кесу жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек 258 нысанда суғару жүйелері мен 82 қала аумағындағы субұрқақтарды қысқы маусымға консервациялау бойынша жұмыс жүргізілді.
Қалада сенбіліктер өткізу, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар дәстүрге айналған. Бүгінде жұмысты жүйелеу өз жемісін беру үстінде. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын өз бақылауында ұстап отыр.
Шаhaрда саябақ, сквер, аллеяларда кіші сәулеттік мүсіндер мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдарын жаңартып бояу, жөндеу, сынып бүлінгендерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.