Түркістанда 67 тұрғын үй салынып жатыр

0
803

Өмірзақ Шөкеев мердігерлермен кездесті


Түркістанда 67 тұрғын үй салынып жатыр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оларға құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес, мерзімінде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оларға құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Баспананың сапасын басты назарда ұстауды ескертіп, абаттандыру жұмыстарының барысына мән берді. Өмір сүруге қолайлы, туризм мен спорт кластері дамыған шаһарға айналып келетін шаһарда 200-ден астам нысан салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев рухани астанадағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.


Түркістан облысында құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынған. Тұрғын үйлердің құрылысы талапқа сай жүріп жатыр. Жаңадан бой көтерген үйлердің ауласына балалар алаңқайлары салынып, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.


«Қазіргі таңда Түркістан қаласында 200-ден астам жаңа нысан мен ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Инвестициялық жобалардың саны артуда. Құрылыс компания басшыларымен кездесудің маңыздылығы белгілі. Жаңа нысандардың талапқа сай салынып, өз мерзімінде тапсырылуына күш саламыз», – дейді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.


Атап өтсек, қалада бой көтерген 12 қабатты 39 үйдің құрылысы наурыз айында толық аяқталады. 7 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, сатылымға шығарылған. Баспанаға қолжетімділікті арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлері пәтері «Отбасы банк» арқылы және «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылады. Былтыр жалпы алаңы 600 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында қазіргі таңда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.