Түркістанда Абай күніне орай әдеби іс-шаралар онкүндігі өтеді

0
392

10 күнге он түрлі бағдарлама жасалған.


Түркістанда Абай күніне орай әдеби іс-шаралар онкүндігі өтеді

Түркістанда Абай күніне орай әдеби іс-шаралардың онкүндігі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай күні қарсаңында әдеби іс-шаралар онкүндігі ұйымдастырылуда. «АБАЙДЫ ОҚЫ, ОРЫНДА!» атты онкүндіктің бағдарламасы:


1 тамыз – «Қазақтың дара туған данасы» – онкүндіктің ашылуы;

2 тамыз – «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі алдында Абай өлеңдерін насихаттау;

3 тамыз – «Біз Абайды білеміз бе?» – әлеуметтік желілердегі танымдық сауалнама;

4 тамыз – «Абай - әлем әдебиетінде» кітапхана оқырмандары арасында викториналық сұрақ;

5 тамыз – «Табиғат, таң қаламын тамашаңа» атты Абай шығармалары бойынша сурет байқауы;

6 тамыз – «Желсіз түнде жарық ай» Жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушыларға Абай шығармаларын насихаттау;

7 тамыз – «Абай даналығы – халық мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция;

8 тамыз – «Абай үні, Абай лебі», «Оқырман іздейміз» жобасы аясында Абай оқулары;

9 тамыз – «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» - Абай қара сөздерін насихаттау;

10 тамыз – «Қазақтың дара туған данасы» онкүндіктің жабылуы. Абай ескерткішіне тағзым.