Шамамен 30 – 60 минутты құрайтын бұл ота түрі жергілікті анестезиямен, ауыртпалықсыз шап қатпары аймағынан тесіп сан артериясына түсу арқылы жүзеге асырылады, пациент осы уақыт бойы санасында болады.
Түркістанда алғаш рет ұйқы артерияларына эндоваскулярлық стенттеу оталары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының ангиохирург, интервент дәрігерлері ұйқы артериясының атеросклерозы бар (цереброваскулярлық бұзылуларға және ишемиялық инсультке әкелетін жалпы ауру)Кентау қаласының 1949 және 1951жылғы тұрғындарына алғашқы, ұйқы артерияларының эндоваскулярлық стенттеу оталарын сәтті өткізді.
Аурухана дәрігерлері пациенттерді тексеріп, зерттеу нәтижесінде ұйқы артериясында стеноздар мен атеросклеротикалық бляшкалары бар екендігін және сол "бітелген" тамырларының инсультке әкеліп соқтыру қаупі өте жоғары екенін растап, науқастардың егде жасын, асқынулары мен қарсы көрсеткіштерін ескере отырып осы ота тәсіліне тоқталды.
Эндоваскулярлық стенттеу оталары – соңғы жылдары әлемнің жетекші клиникаларында кеңінен қолданыла бастаған жаңа әдіс. Ұйқы артериясын стенттеудің мәні тарылған немесе бітелген тамырға жұқа металл құрылымды орнату арқылы бас миын қоректендіру, яғни стент – каркас рөлін атқарып ми қанайналымының жедел бұзылыстарының (инсульт) алдын алады. Мұндай операцияның басты артықшылықтарының бірі – науқастың тез қалпына келуіне және операциядан кейінгі асқынулардың минимумына кепілдік беретін минималды жарақат. Шамамен 30 – 60 минутты құрайтын бұл ота түрі жергілікті анестезиямен, ауыртпалықсыз шап қатпары аймағынан тесіп сан артериясына түсу арқылы жүзеге асырылады, пациент осы уақыт бойы санасында болады.
Құны 3,0 млн теңгені құрайтын бұл ота түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізіледі.
Операциядан кейінгі келесі күні адам жүре алады және оңалту уақыты тез. Қазіргі таңда науқастар өздерінжақсы сезініп, үйіне шығуға дайындалуда.