Түркістанда ауқымды сенбілік өтті

0
2 511

Жер тегістейтін 10 техника, 10 қоқыс жинауға арналған жүк көліктері жұмылдырылды.


Түркістанда ауқымды сенбілік өтті

Түркістанда 1 мыңнан астам адамның қатысуымен сенбілік өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласын көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың қатысуымен сенбілік шарасы өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған тазалық жұмыстарына аудан қалалардағы «Ветеринарлық қызмет», «Тұран су», «Бөген арнасы», «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО», «Түркістан» ӘКК АҚ мекемелерінің филиалдарынан жалпы саны 1369 азамат атсалысты.

Сондай-ақ, жер тегістейтін 10 техника, 10 қоқыс жинауға арналған жүк көліктері жұмылдырылды. Сенбілік жиын барысында Халықаралық әуежай бағытындағы 30 шақырымнан астам жол бойы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, жаңадан отырғызылған ағаш көшеттері түгел әктелді.

Ұйымдастырушылар көктем мезгілінде мұндай шаралар жиі өткізілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта Түркістан қаласының өзге де аумақтарында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.