Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

0
426

Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда.


Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында баскетболдан жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнирі «Біз — нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен биыл да ұйымдастырылды.


Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда.


Турнирде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Наманган (Өзбекстан Республикасы), Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Жаңақорған және Сайрам аудандарынан жиналған жалпы 12 команда бақ сынауда.


Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Ғалымжан Хұдияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.


Айта кетейік, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары 17 тамызда анықталады.