Спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жаттықтырушыларды марапаттады.
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков елге Бекзаттай ұл сыйлаған Сырлыкүл анаға құрметін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жаттықтырушыларды марапаттады.
Бекзат Саттархановтын анасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Сырлыкүл Шойбекова өз кезегінде чемпиондық ең алдымен қайсарлықты қажет ететінін тілге тиек етті. Ұлының жетістік жолынан естеліктер айтып, турнирді ұйымдастырушыларға аналық алғысын білдірді.
Биылғы додада 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер қолғап түйістіріп, өзара мықтыларды анықтайды. Жарысқа қатысуға 175 спортшы ниет білдіріп, бағын сынамақ. Сайыс үш күнге жалғасады.