Түркістанда көгалдандыру жұмысы қарқын алды

0
1 015

Экология мен денсаулыққа әсер етер жасыл желектер үш түрлі суару әдісімен жүргізілуде.


Түркістанда көгалдандыру жұмысы қарқын алды

Түркістанда наурыз-мамыр айлары аралығында 45590 ағаш отырғызылса, 76635 ш. м көгал төселді6 деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде "Қашқари" сквері, "Тікұшақ" алаңы және Б. Саттарханов даңғылы, Әл Фараби, Жібек жолы, Майкөтов, Тұтқабаев, көшелері көгалданды. Жалпы, 15 км көшеде көгал егу жоспарланса, соның 11,1 км-і толығымен аяқталған.

Ал, 3 сектор бойынша "Жасыл белдеуде" талшын, катальпа, кул ағашы, үйеңкімен қатар, қараөрік, шие, тұт, өрік сынды жеміс ағаштары егілді.

Экология мен денсаулыққа әсер етер жасыл желектер үш түрлі суару әдісімен жүргізілуде. Олар: арнайы суару техникасы (водобоз), тамшылатып және жаңбырлатып суару арқылы іске асуда.

Қаланы көркейтудегі жұмыстар қажырлы еңбек пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алғашқыда жерді тегістеу, қоқыстардан тазарту, жаңадан топырақ төсеу секілді жұмыстар атқарылып, ағаштар мен бұталар егілетін орындар қазылады, органикалық (көң т.б.) және минералды тыңайтқыштар беріледі.

Газон төсеуде де осындай жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, суару, тұрақты кесу, қырқу, түрлі зиянкестер мен аурулардан сақтайтын дәрілеу жұмыстары атқарылады.

Ауа-райының қолайсыздығы да жасыл желектерге кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сол себепті, жұмысшылар тек ағаш отырғызып қоймай, оның көктеп, гүлденіп, тұрғындарға қолайлы орта сыйлауына деген жауапкершілік міндетін сезінеді.