Түркістанда қызылшаны жұқтырғандардың саны артып барады

0
1 267

Түркістан қаласындағы емханалардың дәрігерлері дөңгелек үстел басында қызылша ауыруының алдын алу, болдырмау жолдарын талқылады. Себебі, жыл басынан бері шаһарда бұл кеселді жұқтырғандардың саны артқан.


Түркістанда қызылшаны жұқтырғандардың саны артып барады

Рухани астанамызда өткен жылдыңың желтоқсан айында қызылша кеселімен бір бала ауырса, биыл үш жағдай тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласына қарасты емдеу мекемелері бас дәрігерлерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, иммунолог, эпидемиологтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібінде қызылша ауруының алдын алу, оны болдырмау жолдарын қарастыру мәселесі талқыланды. Өйкенті, өткен жылға қарағанда биыл қала аумағында қызылшаны жұқтырғандар көбейген. Бұл індетке қарсы екпе баланың 1 жас және 6 жас кезінде егіледі. Вакцина алмаған жағдайда вирусты жұқтыру тез, әрі қауіпті. Балалар арасында көп тарайтын қызамыққа шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болған жанға да қауіп жоқ емес. Түркістан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Құдайбергенқызының сөзінше алда қызылшаға қарсы күрес күшейтілмекші.

Осыған орай, жекеменшік «Ақмарал», «Талғат», «Рауан», «Ақзере», «Санитас», «Қ.А.Ясауи» клиникалары, қалалық емхананың медицина мамандары, кеселдің өршіп кетпеуін қадағалауда әріптестік орнатып, тәжірибе алмасу тұрғысында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.