Түркістанда мемлекеттік қызметтер бойынша аптасына 2-3 рет бақылау жасалады

0
966

Әр қатысушыға бақылау тобынан екендігін дәлелдейтін құжат беріледі.


Түркістанда мемлекеттік қызметтер бойынша аптасына 2-3 рет бақылау жасалады

"Nur Otan" партиясы белсенділерді "Open space" үлгісінде қабылдап жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

“Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасы Рашид Аюпов ертеректе әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды жергілікті мемлекеттік мекемелер жұмыс сапасын бақылап, жақсартуға үлес қосуға шақырған болатын.

Бүгінде Рашид Абатұлы бақылау тобына мүше болуға ниет білдірген қала белсенділерімен "Nur Otan" партиясы "Open space" үлгісіндегі қабылдау кеңсесінде жолығып, алдағы жұмыстарды пысықтады.

"Халықтан жасырарымыз жоқ. Барлық жасалып жатқан дүниелер - сіздер үшін. Сондықтан, кез келген қалауыңызды талапқа сәйкес болса, ұсынуға әбден мүмкіндігіңіз бар", - деген Рашид Абатұлы әр қатысушыға бақылау тобынан екендігін дәлелдейтін құжат берілетіндігін айтып, әр топ мүшелерімен апта сайын кездесіп, мәселелерге құлақ түретіндігін жеткізді.

Ендігіде топ мүшелері қала аумағындағы мемлекеттік қызметтер бойынша аптасына 2-3 рет бақылау жасап, кемшіліктерін анықтап, жөнге келтіру бойынша ұсыныстарын білдіретін болады.

Айта кетейік, желілерде мүше болуға қалауын білдірген 25 тұрғыннан 17-сі бақылау тобының алғаш жиынына келіп, Түркістан қаласының логотипі бейнеленген кепка, блокнот, қаламсап таратылып, карантинге байланысты арақашықтық сақталып, бетперде және антисептикпен қамтамасыз етілді.