Түркістанда музей экскурсоводтарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

0
930

Аталған курсқа жалпы саны 30 экскурсия жүргізушілері қатысып жатыр.


Түркістанда музей экскурсоводтарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің базасында музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Жаһандану заманында қорық-музей қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі қызмет тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған дәріске Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы» және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығынан 30 экскурсия жүргізушілері қатысып жатыр.

Бес күнге арналған курста қорық-музейлерге қарасты тарих және мәдениет ескерткіштері мен музей залдарының экспозицияларын жұртшылыққа ұсыну, таныстыруды тартымды және сапалы жүргізу, жан-жақты біліктілік, кәсіби этика сынды тақырыптар терең түсіндіріліп, пікір алмасу және шеберлік дәрістері өтеді. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы туризм саласын дамытудағы экскурциялық қызмет көрсетудің маңызы мен заманауи әдістемелері де курстың басты тақырыбы ретінде қарастырылған.

Айта кетсек, 27-31 тамыз күндері аралығында Түркістан қаласында өтетін біліктілік курсында«Арман-тур» халықаралық туристік агенттігінің аудармашылар және гидтер мектебінің директоры, Жібек жолының ресми экскурсоводы, ұлттық жаттықтырушы - Абжанова Салтанат Агзамқызы мен Бейбітшілік және Келісім Сарайының экскурция бөлімінің басшысы, тәжірибелі экскурсовод Мұқышбаева Ардақ Кеңесқалиқызы дәріс жүргізеді.