Түркістанда мыңнан астам оқушыға көмек көрсетіледі

0
606

«Мектепке жол» акциясы демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып жатыр.


Түркістанда мыңнан астам оқушыға көмек көрсетіледі

Түркістанда 1000-нан астам оқушыға оқу құралдары бар сөмке берілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған «Мейірім» іс-шарасына 200-ге жуық бала келіп, сыйлық алды. Жалпы 1000-нан астам оқушыға оқу құралдары бар сөмке берілмек.


Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.


Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Оқушылар сарайында ерекше мерекеге қатысып, бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Түркістандық балаларға сый-сияпат жасап, ізгі ниетін арнады.


Іс-шараға сондай-ақ, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Әбенқызы, әжелер алқасының төрайымы Серім Айғаным және депутаттар қатысып, бүлдіршіндерге құттықтауларын арнады.


Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып жатыр.