Түркістанда несиеге үй алуға көмек беретін орталықтар көбейді

0
2 397

Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар бойынша конкурсқа қатысады.


Түркістанда несиеге үй алуға көмек беретін орталықтар көбейді

Түркістада несиеге берілетін үйлер бойынша 400-ге жуық азамат тіркелді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында несиеге берілетін үйлер бойынша ақпарат беретін орталықтар арқылы 400-ге жуық азамат баспана алуға тіркелді. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар бойынша конкурсқа қатысады. Оның ішінде «7-20-25», «5-10-20» («Шаңырақ»), «2-10-20» («Бақытты отбасы») және «5-20-19» («Нұрлы жер») бағдарламалары бойынша «Отбасы банкі», «Сбербанк», «Қазақстан халық банкі» бойынша алу жолдары түсіндірілуде.

Тұрғындардың қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізуі үшін Түркістан қаласында несиеге берілетін үйлер бойынша ақпарат беретін орталықтардың саны артты. Жақында ашылған неке сарайының ғимаратында орналасқан ақпараттық орталықпен қоса, «Отбасы банкінің» (ЖилСтройСберБанк) бірінші және екінші нарықтағы үйлерге несие рәсімдеуге арналған «Кеңес беру орталығы» жұмыс істеуде. Қаланың орталық бөлігінде тұратын тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін ашылған орталық таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін (түскі үзіліссіз) жұмыс істейді. Толық мәліметті тұрғындар Тәуке хан даңғылы 237/4 м/ж орналасқан сауда үйіндегі жаңа орталықтан біле алады.

Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылған болатын. Онда тұрғындардың баспана алуға өтініш беруіне мүмкіндік жасалған. Орталық неке сарайының ғимаратында орналасқан. Орталық таңғы 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-15.00 аралығы) жұмыс істейді. Одан өзге, 72025turkistan.kz сайты мен «Amazing Turkistan» қосымшасындағы «7-20-25» бөлімі арқылы барлық несиеге берілетін үйлер жайлы ақпарат алуға болады.