Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілерге жаңа ғимарат салынып жатыр

0
1 307

Келер жылы пайдалануға берілмек.


Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілерге жаңа ғимарат салынып жатыр

Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілердің жаңа ғимараттары бой көтерді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар стратегиялық маңызды құрылыс алаңдарында жүргізіліп жатқан бірнеше жұмыс барысымен танысты. Өз кезегінде, өңір басшысы мердігер компания басшыларымен кездесіп, біошама тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, құрылысты белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, жұмыс сапасына басты назар аударуды ескертті.

Оның ішінде облыстық полиция департаменті ғимараттары кешенінің құрылысы қыркүйек айында басталған. Келер жылы пайдалануға берілмек. 4 қабатты ғимараттың ауданы – 15 365 м2. Құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізулуде. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы №5 әкімшілік ғимаратының құрылысы (ДГД) да қарқынды. Ғимараттың жалпы ауданы – 8843,82 м2. Бүгінгі таңға дейін шатыры жабылған, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөңдіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ғимараты 3 мың шаршы метр. 3 қабатты ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген.