Түркістанда тағы бір демалыс аймағы ашылды

0
1 137

Түркістан тұрғындарының пікірімен санаса отырып салынған.


Түркістанда тағы бір демалыс аймағы ашылды

Халықтық Жоба аясында тағы бір демалыс орны тұрғындар игілігіне берілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Біраз уақыт бұрын өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына саәйкес, қала әкімі Р.Аюповтың Түркістан тұрғындарымен бірлесе бастау алған «Халықтық Жоба» күннен күнге қаланың көркін арттырып келеді.

Осы орайда тұрғындардың пікір-ұсыныстары ескеріле отырып, тағы бір «ХалықтықЖоба» сәтті жүзеге асырылып, демалыс орнының құрылысы толық аяқталды. Әл Фараби көшесінде орналасқан демалыс орнының жалпы ауданы - 0,56 га. Нысанда 1000 шаршы метр жерге көгал алаң жасалып, 1500 шаршы метр тас кеспешелер төселді. Онда балалар ойын алаңы, 9 орындық, 26 дана еден шамдары, 1 бастырма және кіші архитекторлық формалар қойылды.

Енді, тұрғындар қолдауымен іске асқан «Халықтық Жоба» жақын орналасқан үй иелері, балалар мен жастардың сүйікті демалыс орнына айналып, өзге де аудан тұрғындарының қаланың көркеюіне белсенді үлес қосуына себепкер болады деп күтілуде. Айта кетсек, алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың пікірімен бірлесе атқарылатын жоба жұмысын жалғастыра бермек.