Түркістанда тағы бір қонақүй қолданысқа беріледі

0
645

Мәдени-рухани орталықта бой көтерген.


Түркістанда тағы бір қонақүй қолданысқа беріледі

Түркістан қаласында тағы бір қонақүйдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында тағы бір жаңа заманауи қонақүйдің құрылысы аяқталуға жақын. Мәдени-рухани орталықта бой көтерген «Medina palace» қонақүй кешенінің құрылысы алдағы көктемде аяқталып, пайдалануға берілмек.


Жалпы, Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында ғана емес, барлық бөлігінде инфрақұрылым жақсартылып, нысандар салынып, абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Шаһарды туризмнің орталығына айналдыруда бұл бастамалардың маңызы зор.