Түркістанда тіл үйренуге арналған жаңа жинақтар жарық көрді

0
1 229

17 тілдерді оқыту орталықтарында 4 401 адам тіл үйренуде.


Түркістанда тіл үйренуге арналған жаңа жинақтар жарық көрді

Түркістан облыстық «Тілді оқытып-үйретуге арналған әдістемелер жинағы» шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде жастардың қазақ тілімен қатар, көп тілді қоса меңгеріп, бәсекеге қабілеттігін арттыра түсу өте маңызды. Осы бағытта Түркістан облысының мәдениет басқармасының тапсырысымен «Заманауи қазақша-ағылшынша тілашар», «Қазақша-ағылшынша көрнекі сөздік», «Русский язык для начинающих: элементарный уровень» оқу құралы, «Тілді оқытып-үйретуге арналған әдістемелер жинағы» шығарылды.


Аталған кітаптар облыстағы тілдерді оқыту орталықтарына таратылатын болады. Бүгінде облыстағы 17 тілдерді оқыту орталықтарында 4 401 адам тіл үйренуде.


Алдағы уақытта тілдік капиталды дамыту бағытында тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен салалық сөздіктер әзірлеп, шығару жоспарланып отыр.