Түркістанда төл теңгеміздің күні аталып өтті

0
1 220

Егемен елдің айшықты символы - төңгенің айналымға енгеніне биыл 25 жыл толып отыр.


Түркістанда төл теңгеміздің күні аталып өтті

Биыл Егемен елдің айшықты символы төңгеге 25 жыл толды. Айтулы мереке Түркістан облысында жоғары деңгейде аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов облыс тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.Ширек ғасыр ішінде ұлттық валюта елді дамудың даңғыл жолына бастағанына арнайы тоқталып өтті.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму саласына елеулі үлес қосқан қаржыгерлер облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.

Іс-шарада ұлттық валюта теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған спартакиаданың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шара облыс жастарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Онда әншілер қауымы әсем әндер орындаса, бишілер мың бұрала би билеп көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кету керек, 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.