Түркістанда тұмау жұқтырғандар көбейіп жатыр

0
874

Өкпенің қабынуы анықталып жатыр.


Түркістанда тұмау жұқтырғандар көбейіп жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталық емханаға жүгінген науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалады. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталып жатыр.

«Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдайды екен. Теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Науқастар негізінен пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығуда», - делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарламасында.

Статистика бойынша қазіргі таңдаТүркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр, жалпы, 87 азамат дерттен айығып шыққан.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша 14.06.20 жылғы жағдай бойынша 129 КВИ анықталған, оның 62-сі жазылып, 32 адам инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Барлық КВИ ошақтарында дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.