​Түркістанда ТЖД ғимараты мен өрт сөндіру бөлімі ашылды

0
674

Ғимараттың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталды.


​Түркістанда ТЖД ғимараты мен өрт сөндіру бөлімі ашылды

Түркістанда Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, ТЖМ және облыстардың, републикалық маңызы бар қалалардың төтенше жағдайға жауапты департаменттерінің басшылары қатысты.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай құттықтау сөз сөйлеп, жаңа тынысы ашылған өңірдегі оң өзгерістерді атап өтті.
Ғимараттың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталды. Ғимараттың жалпы ауданы — 1,5 гектар. Мұнда департамент өкілдерінің жұмыс істеуіне бар жағдай жасалған.
Соныме бірге бүгін Түркістан қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі Түркістан қаласының аумағына кіретін «Яссы»,«Отырар», «Шауғар»,«Бірлік», «Бекзат» шағынаудандарының 50 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады.
Өрт сөндіру бөлімі өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін анайы техникамен жарақталған.
Іс-шара аяқталған соң Юрий Ильин аумақты аралап, техниканы, өрт мұнарасын, медицина орталығының, өрт сөндіру бөлімі мен мұражай ғимараттарын көрді.
Сонымен қатар министр және жиынға қатысушылар ғимараттың айналасына ағаш отырғызды.
Бүгінгі таңда Түркістан облысының өртке қарсы қауіпсіздігін 38 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді. Күн сайын тәуліктік кезекшілікке 253 өрт сөндіруші және 190 өрт сөндіру техникасы шығады.