Түркістанда ұйымдастырылған «EtnoFest» фестивалі екі күнге жалғасады

0
1 094

Іс-шара аясында кешенге келген тұрғындар мен қала қонақтарының назарына қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме ұсынылды.


Түркістанда ұйымдастырылған «EtnoFest» фестивалі екі күнге жалғасады

Түркістан төрінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтуде. Бұл күні қаладағы «Этноауыл» кешенінде әз Наурыз мерекесі тойланып, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын «EtnoFest» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара аясында кешенге келген тұрғындар мен қала қонақтарының назарына қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме ұсынылды. Мереке барысында ұлттық ойындар сайысы өтіп, дәстүрлі ән орындаушылар мен мың бұралған бишілер өнерлерін паш етті. Қонақтар наурыз көжеден және ұлттық тағамдардан дәм татты.

Аталған іс-шара 22 наурыз күні де жалғасын табады.