Түркістанда жалпыхалықтық сенбілік өтті

0
930

60 техника қолданылып, 315 тонна қоқыс жиналды.


Түркістанда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Түркістанда көктемгі маусымға дайындық басталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында көктемгі маусымға дайындық басталып кетті. Бүгін қала тұрғындары мен мекеме қызметкерлері жалпыхалықтық тазалық жұмыстарын атқарды.


Шаһардың орталық тоғыз көшесін қамтыған жалпыхалықтық сенбілікке мыңнан аса адам қатысты. 60 техника қолданылып, 315 тонна қоқыс жиналды. Түркістан қаласындағы тазалық акциялары мен сенбіліктер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.


Одан бөлек, 20-ақпан бері "Жасыл Түркістан" мекемесі өзінің жаңа көгалдандыру маусымын бастады. Жұмыстар басталғалы шаһардың көгалды аумағы 22 700 дана ағаш көшетімен толықты.