Түркістанда жол белгілері мен жолақтары жаңартылып жатыр

0
201

Бұл жұмыстар түнгі уақытта, арнайы белгіленген маусымдық кезеңде жүзеге асырылуда.


Түркістанда жол белгілері мен жолақтары жаңартылып жатыр

Түркістан қаласында жол белгілері мен жолақтары жаңартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы аумағында көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын жаңарту мақсатында негізгі магистральдар мен ішкі көшелерде жол белгілері мен жолақтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.


Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл жұмыстар түнгі уақытта, арнайы белгіленген маусымдық кезеңде жүзеге асырылуда. Жұмыстарға 15 адамнан тұратын жұмысшы тобы тартылған.


Қазіргі таңда Б.Саттарханов даңғылы, 9, 11, 28-көшелер, айналма тас жол және Кентау бағыты бойынша веложолақтарды сырлау және жол сызықтарын сызу жұмыстары белсенді жүргізілуде.


Жол бойындағы бағыттаушы сызықтар, жаяу жүргінші өткелдері, қиылыстардағы қауіпсіздік белгілері толықтай жаңартылып, көріну деңгейі арттырылуда. Сонымен қатар, асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары қатар атқарылуда.


Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2025 жылдың алғашқы үш айында осы көшелердің 430,1 шақырымы жақсы және қанағатты жағдайда жөнделіп, қалған 419,9 шақырымға асфальт жабындысын төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бөлісу