Түркістандағы ғимараттар ұлттық нақышта бой көтереді

0
1 493

Түркістанды туристік орталыққа айналдыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға отандық және шетелдік мамандар қатысты. Атап айтқанда, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан елдерінен 42 кәсіби сәулетшілер бақтарын сынады.


Түркістандағы ғимараттар ұлттық нақышта бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бірқатар сәулетшілермен кездесті. Басқосуда облыс орталығын дамыту жайы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында аймақ басшысы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Қаламызды туристік орталыққа айналдыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға отандық және шетелдік мамандар қатысты. Атап айтқанда, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан елдерінен 42 кәсіби сәулетшілер бақтарын сынады. Бірақ, хаттамаға сәйкес 22 жоба жолданды. Оларға қойылып отырған басты талап, қаладағы жаңа құрылыс сәулет стилі жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сай болуы тиіс. Сондай-ақ, қаланың барлық тұсынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрініп тұруы керек. Мұнымен мәселе шешілмейді. Түркістан облысының қарыштап дамуы біздің ерен еңбегімізге тікелей байланысты. Сондықтан, ел ертеңі үшін, балаларымыздың болашағы үшін ортақ жұмыстарды атқарып, жан-жақты қосылуымыз қажет», деді – Жансейіт Қансейітұлы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Түркістан қаласында Елбасының ұсынысымен бірқатар Ұлттық компаниялар, бизнес өкілдері мен шетелдік инвесторлар 30-ға жуық әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан салатынын жеткізді. Одан бөлек, жоба аясында туристер мен жергілікті халыққа қызмет көрсететін мейрамханалар, дәмханалар мен арбаттар салынбақ. Бүгінде бой көтеретін нысандардың эскиздік жобаларына халықаралық конкурс жарияланған. Өңір басшысы сәулетшілерді қаланы дамытуға байланысты ұсыныс білдіруге және жарияланған байқауға белсенді қатысуға шақырды.