Бұл сауда кешенінде 3000-ға жуық сауда орындары бар.
Түркістан облысындағы жаңа базардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі жаңадан салынып жатқан Экобазарға барды. Нысан 1 қабатты, көлемі – 14 га. Нысанның құрылыс басында 80-нен астам адам, 10 техника жұмыс істеп жатыр. Нысанның қасбетін қаптау жұмыстары – 90%-ға, инженерлік жұмыстар – 90%-ға аяқталған. Қазақстанда теңдесі жоқ базар наурыз айында ашылады деп жоспарланып отыр.
Атап өтсек, бұл сауда кешенінде 3000-ға жуық сауда орындары бар. Тауар сақтауға арналған 300 микроклиматтық қойма, қонақ үй, демалыс орындары, фудкорт және ойын-сауық кешендері бар. Кешенде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» ӘКК АҚ ұйымдастыруымен 2-3% жеңілдетілген несие беріледі деп жоспарланған.
Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін делдалсыз нарыққа шығара алады. Базар жанындағы жаңа автовокзалдан республикаішілік және халықаралық бағыттарға қоғамдық көліктер қатынайды.