Түркістандағы жарылыс: Министрлер зардап шеккендердің жағдайымен танысты

0
1 105

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтар іссапармен Түркістан қаласына келді.


Түркістандағы жарылыс: Министрлер зардап шеккендердің жағдайымен танысты

Түркістан қаласына өрттен зардап шеккендердің арнайы хал-жағдайын білу үшін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтар келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар арнайы іссапар барысында бірден Түркістан облысының орталық ауруханасына аялдады. Екі министр де ауруханада күйік шалып жатқан ТЖҚ қызметкерлерімен тілдесіп, олардың дін-амандығы мен денсаулықтарының жақсарғанына көздерін жеткізді.

Еске сала кетсек, 10 қыркүйек шамамен сағат 18.25-те Түркістан қаласындағы "Роял-гранд" қонақүй өртенді. Оқиға орнына полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жедел жетіп, жақын маңдағы аумақтарды қоршауға алып, қонақ үйдің қызметкерлері мен қонақтарды эвакуациялады.

Өрттен құтқару жұмыстары барысында жалпы 50 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Өрт кезінде патрульдік полиция батальон командирінің орынбасары полиция майоры Қанат Ракышев пен Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау майоры Болат Түйменов адам шығынын келтірмеу үшін барлық бөлмелерді тінтіп шықты Нәтижесінде тәртіп сақшылары өрт қаумалаған ғимараттан 4 жасар қызды және Түркияның екі шетелдік азаматын құтқарды. Қаза болғандар жоқ.

Өртті ауыздықтау барысында Түркістан облысы ТЖҚ-нің 5 қызметкері жарақаттанып, түрлі дәрежедегі күйіктерімен орталық ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан Түркістан облысы ТЖҚ ҚБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Абдугаппаров бар болатын. Бүгінгі таңда оның жағдайы жақсарған.
Қазіргі уақытта Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеушілерімен қонақүйдің өртке орануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сараптамалар тағайындалды. Тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде өрттің шығу себебі анықталатын болады.