Түркістанды көркейтуге жетісайлық жастар да атсалысып жатыр

0
1 199

Көгалдандыру-көріктендіру мақсатында 7700 гектар жер белгіленген.


Түркістанды көркейтуге жетісайлық жастар да атсалысып жатыр

Түркістанды түлетуге Жетісай жастары да атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасы дайындалып, қала айналасын жасыл белдеуге айналдыру, көгалдандыру-көріктендіру мақсатында 7700 гектар жер белгіленген.

Қазірдің өзінде облыс орталығында қыруар жұмыстар атқарылып, қарқынды құрылыс жүріп жатыр. Заманауи ғимараттар бой көтеріп, туризм мен кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөлінуде.

Міне, осындай игілікті шараға Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Жетісай қызмет» КММ қызметкерлері де бір кісідей атсалысуда. Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков бастаған жетісайлықтар ауданға бөлінген аумақтағы жаяу жүргіншілер мен веложолдың жиегін қатты тұрмыстық және құрылыс заттарының қалдықтарынан тазартты. Жол жиегін тегістеп, топырақ төседі.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы Батыс Европа – Батыс Қытай тас жолы бойынан Жетісай ауданына абаттандыруға берілген аймақтың 1,5 шақырымына 3672 түп терек, қаратал, қырым соснасы егіліп, 4 дана трансформатор мен 6 дана су ұңғымасын салып берген. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген 1,5 шақырым жерге қоршау орнатып, 5,4 шақырымға тамшылатып суғару әдісін енгізген.

Ал, жалпы Түркістан қаласы айналасының айналасынан 488 гектар жерге қарағаш, бадам, өрік, терек, жиде секілді ағаштардың көшеттері отырғызылған.