Түркістанды түлетуге арыстықтар атсалысып жатыр

0
761

1000 түп үйеңкі, 3500 түп қаратал көшеттерін отырғызып үлгерген.


Түркістанды түлетуге арыстықтар атсалысып жатыр

Түркістанды абаттандыруға аудан, қалалар көмектесуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы облыс орталығы болғанына байланысты өңір басшысы Ө.Шөкеев Арыс қаласындағы тәжірибеге сүйене отырып, шаһарды 32 секторға бөлген болатын. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты боп бекітілген. Арыс қаласына бекітілген №12 секторда бірқатар жұмыстар атқарылып, ел игілігін көруде. Арыстықтар киелі шаһарды көгалдандыру мен абаттандыру үшін өздеріне бекітілген секторда 10000-нан астам көшет отырғызу жоспарлап, қазірдің өзінде бекітілген секторда 1000 түп үйеңкі, 3500 түп қаратал көшеттерін отырғызып үлгерген. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жасыл желектер қаланың көркін ашады деп отыр арыстықтар.

Сондай-ақ, Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласында жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бірқатар секторлардың жұмысын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке аудан басшылары атқарылған жұмыс барысы жөнінде баяндады.

Мысалы, Ордабасы ауданына 13 көше, Төлеби ауданына 11 көше және Түлкібас ауданына 9 көше бекітілген. 8 шақырымға созылған көшелерге ағаш, газон егу және тамшылап суғару жүйесін орнату жоспарланған. Жоспарланған 12 мыңға жуық көшеттің 96,2%-ы отырғызылған. Қараша айының аяғына дейін терек, үйеңкі, ірі жапырақты қарағаш, арша ағашы мен раушан гүлдері егіледі.