Түркістандық әкім ауыл тұрғындарымен кездесті

0
850

Екі ауылда 8 мыңнан астам халық бар.


Түркістандық әкім ауыл тұрғындарымен кездесті

Түлкібас ауданының әкімі ауыл халқымен кездесті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы 3252 халқы бар Арыс және 5 мыңнан астам халқы бар Машат ауылдық округінде инфрақұрылымдық мәселелердің дені оң шешімін тапқан.

Қос округке сапары барысында аудан басшысы алдымен ел ақсақалдарының сөзін тыңдап, ауыл-аймақтағы маңызды мәселелерді бірлесе талқылады.

Кездесуде сөз болған ауыл ішілік жол, ауыз су, жаяу жүргіншілер жолы, түнгі жарықтандыру, жер кезегінде тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру сияқты мәселелер алдағы уақытта шешімін табатынын нықтап айтқан аудан басшысы, бұл проблемалардың орындалуы кезең-кезеңімен іске асатынын жеткізді.

«Халықты тыңдай білген басшы - халыққа бір табан жақын келеді»- демекші, округ ақсақалдары арнайы уақытын бөліп, ел ішіндегі атқарылу қажет жұмыстарды халықпен талқылап, ақылдасуға арнайы келген аудан басшысына алғыстарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Округтердегі тұрғындардың өтініш-пікірлерімен ұсыныстарын тыңдап шыққан аудан әкімі жиналған қауымға елімізде етек жайған жаман індеттен сақтану жолдарын ұстануға шақырып, білім мекемелерінің басшыларына өз мекемелерінде санитарлық талаптарының қатаң қадағалануын тапсырды. Бүгінгі таңда бірінші кезекте басты да маңызды мәселе халықтың денсаулығы екенін де айтып өтті.